Сізді Қазақ халқының белгілі Ұстазы, Ғалымы, қазақтың біртуар перзенті, айтулы ақыны, көрнекті қаламгер Әдібай Табылдыұлы туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған ғибратты еске алу асына арналған жиынға қатысуға шақырамыз.
Бұл басқосу — өмір мен өнердің биік тұғырынан көрінген, артына өшпес рухани мұра қалдырған аяулы тұлғаның жарқын бейнесін еске алуға, оның есіміне тағзым етуге арналған аса маңызды мәдени-рухани шара.
Біз Сізді атамыздың қадірлі замандасы, қызметтес әріптесі және жанашыр шәкірті ретінде көруді үлкен құрмет санаймыз.
Сіздің қатысуыңыз аруаққа жасалған құрметіміздің салмағын арттырып, әулетімізге қолдау боларына кәміл сенеміз.
Ізгі құрметпен, Табылды әулеті
2026 жылдың 3 қаңтар күні сағат 12:00-де басталады.
Қонақтарға арналған көлік тұрағы (паркинг) қарастырылған. Сіздің қатысуыңыз кештің құндылығын арттырады деп үміттенеміз.
Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 167 (Бұрынғы Сыртқы Істер Министрлігінің ғимараты), «Дом приемов на Мира» банкеттік мейрамханасы.